Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Жанзакова Меруерт Толегеновна
Мен, Жанзакова Меруерт Толегеновна ,1983 жылы 26 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы ,Жетісай қаласы,Таубай ата ауылында дүниеге келдім. 1989 жылы Мақтаарал ауданы ,Жетісай қаласындағы «А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» 1 сыныпқа қабылдандым 1992жылы отбасылық жағдайға байланысты Өзбекстан мемлекеті Джыззах облысы Арнасай районы Жуков 14 А совхозы ауылындағы «№3 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі » 1998 жылы 9 сыныпқа дейін оқып қызыл аттесттапен бітіріп шықтым. 1998 жылы отбасылық жағдайға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы ,Жетісай қаласы,Таубай ата ауылындағы «М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі» 11 сыныпты қызыл аттестатпен 2000 жылы бітірдім .2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтаарал ауданы ,Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінің Филология факультетіне Шет тілі мамандығына күндізгі бөлімге түстім. 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы ,Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінің Филология факультетіне Шет тілі мамандығы бойынша күндізгі бөлім бойынша бітірдім.Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтаарал ауданы ,Атакент қалашығы ,Жамбыл ауыл елді мекеніне 2002 жылы тұрмысқа шықтым . 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтаарал ауданы ,Атакент қалашығы, «О.Бапышев атындағы №3 жалпы орта мектебі» ағылшын тілі мұғалімі болып жұмысқа тұрдым. Қазір де осы мектепте жұмыс істеймін.2011 жылы шет тілі бойынша ІІ санатты алдым.
2016 жылы шет тілі бойынша І санатты алдым.2019 жылы шет тілі бойынша педагог-зерттеуші санатын алдым.2019 жылы «Шымкент университеті»шет тілі мамандығы бойынша түстім 2021 жылы магистрлік дәрежесін алдым. 2021жылы Түркістан облысы ,Мақтаарал ауданы ,Атакент қалашығы «О.Бапышев атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп»КММ ағылшын тілі мамандығымен қатар 05 штат директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінімен жұмыс қоса атқарып келемін.