14
ноябрь
2018
Мектеп туралы мәлімет
1924 жылы «Ақ мектеп» болып қабырғасы қаланды. Ал 1926 жылы колхоздар құрылып, мектеп өз жұмысын бастады. Мектептің алғашқы ұстаздары әкесімен баласы Сабировтар болды. Мектептің бірінші түлектері 45 оқушы болған. Ұлы Отан Соғысынан кейін оқушылар саны артып, 7 жылдық Я.М.Свердлов атындағы мектеп болып аталды. Сол жылдары мектепті Қанат Құрманалиев басқарды. 1960 жылдары оқушы саны көбейіп 8 жылдық орыс-қазақ мектебі болып құрылды. 1960-1965 жылдары Омаров Жасұзақ мектепті басқарды, 1965-1967 жылдары Калдыбеков Өскен басқарған. 1968 жылы оқушыларының көбеюіне байланысты орыс-қазақ орта мектебі болып құрылды. 1969-1970 жылдары мектепті Қонысбеков Тұрсынбек басқарды. 1968 жылдан бастап мектепте жас ұстаздар келіп қосылды. 1968-1970 жылдары мектеп ғимараты кеңейтілді. Жамбыл атындағы колхоз әкімшілігі қол ұшын берді. 1970-1975 жылдары жас жоғары білімді ұстаздар мектеп ұжымын толықтырды. 45 оқушыдан басталған мектеп 1975 жылы 960 оқушыға жетті. Сол жылдары Бейсенбаев Қашқынбай мектепті басқарды. 1989 жылдан Кошкинбаев Бекболат директор болып тағайындалды. 1991 жылдан бастап мектеп атауы өзгерді, О.Бапышев атымен аталды, 1993 жылы 25 мамырда мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді.
1998 жылдан бастап Калиева Парида, 2002 жылдан Койжигитова Калдыгул директор қызметін атқарды. 2006 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін Аманова Масура Копжасаровна басқарып келеді.